ВЕРНУТЬСЯ

      Ac артынан,алдыға шұбат келді,

Біреу татып,біреулер сынап көрді.

«Қызылқұмның»
қиылып қыз-келіні,

Шұбат емес, бір шара шуақ берді.

Ақбоз үйдің есігі айқара ашық,

Гулесуде жігіттер тайғаласып,

Бота сонда боздаса байлаудағы,

Шұбат ішіп, қалайша жәй табасың?!

Бір ботаның
сондағы боздауын-ай!

He басына күн
туды, боздағым-ай,

¥мыт болған
уайым, мұңды өкеліп,

Алпыс екі тамырды
қозғауын-ай!

Елестеді ел ауып
баратқандай,

Жетім бе, әлде
жесір ме, зар атқандай

Қайтқан қаздай
қазақтар ертедегі,

Сардалаға сағыныш
таратқандай.

Осы екен ғой ботадай боздау деген,

Естімеп ем,естідім...

Қозды-ау денем.

Боталардың боздауы тозбапты әлі,

Адамдардың  боздауы тозғанменен.