ВЕРНУТЬСЯ

     Осынау
жердің бетінде бәрімізге белекше қадірлі, бөлекше сүйікті бір адам бар. Ол
күнде ертемен сары ала таңнаң тұрып, ақ бас Алатаудың көгілдір бір бұйратының
бауырайындағы шағын бағында тамылжыта сайраған сандуғашты тыңдайды; сосын күнде
думан, күнде жиын болып жатқан қалаға келеді. Қаланың кол-көсір ырду-дырдуының
ішінде құлағын үнге төсеп, үнсіз келе жатады. Көз алдында - өткен, бүгінгі,
ертең. өйткені, ол іс адамы: анау алма ағаштарын мәпелеп, газондарды қырқып
жүрген бағбан сияқты, таң саз бере сыпырғышы сусылдап, көшені үнге толтыратын
көше сыпырушы сияқты, анау аспанға кірпіш өрмелетіп бара жатқан краншы сияқты
жұмыс адамы. Дегбірсіз тірлік оны күнде асықтырып, алдынан он-сан шаруаны
қабат-тастырып шығарып қояды. Суреткер, ғалым адам соның боріне ойланып
кіріседі, соның бәріне өз топшылауын, өз тұжырымын айтуы керек. Соның бәрінің
де кешегіден озғын, бүгінгі ең зәру, ертең де қадірі түспейтін өміршең іс
екенін біліп ап, кірісуі керек. Өйткені, ол мынау ызы-қиғы, қым-қиғаш, думанды
тірліктің алпыс жылын бастан өткерді. Адамның қоғамға, халыққа, заманға
қаншалықты ересен пайда тигізе алатынын, өмірде өз орнын тапқан саналы
азаматтың әр минуттың қаншалықты қадір-қасиеті барын бес саусағындай біліп
болды. Сондықтан да ол сабырлы, сондықтан да ол күнделікті күйбеңге
күйіп-піспейді, сондықтан да ол әрбір істі бастағанша, одан бітіргенше
өліп-өшкен, асығып күткен, ұялшақ момын ғашықтай сыртқа сыр шашпай, іштен
санамен сарғайып дегбірсізденеді. Осындай іс адамы, парасатты көреген адамның
жүрісі әлі ширақ, көңілі әлі жүйріқ қара жерді мығым басады.
Қазір
әрбір көзі ашық қазақ белгілі мөлшерде Ахмет Жұбановқа қалай да қарыздар.
Өйткені, ол Махамбет пен Абайдың жырлары сияқты Құрманғазы мен Дәулеткерейдің,
Тәттімбет пен Қазанғаптың, Сейтек пен Динаның, Ақан мен Мұхиттың, Біржан мен
Мәдидің күйінсіз, әнінсіз, мына тірлікті олқы, кеміс көріп елегізген, рухани
жетімсіреген болар еді.
Онсыз
ол бәрібір рухани мүгедеқ күйкі кейіп танытар еді. Жер бетінде өз басыңның
сорлы, бейшара екеніңді күнде сөзіп, күнде біліп жүріп тірлік ету қандай қиын
болса, өзіңді өсірген ел-жұрт пен өзіңді жаратқан топырақтың қадір-қасиетін
білмей өмір сүру де, бірдеңе тындыру да сондай қиын. Сондықтан да азаттықтың
қызыл туының астына жиналып, іргелі елдердің шеруіне ілескен қазақ елінің
ақындары Сәкен мен Ілияс сонау отызыншы жылдары «Көкшетау», «Құлагер»,
«Күйшіні» жазды; Мұхтар Әуезов өз халқының көп ғасырлық көрген тағдыр-талайының
эпопеясын жазуға дәт қылды. Тап сол жылдары сонау Ақтөбе даласынан келген орта
бойлы, бұйра бас бала жігіт қазақтың музыка техникумын ашуға, Қазақ
филармониясын құрысуға ат салысты; Қазақтың халық аспаптар оркестрін
ұйымдастыруды қолға алды. Етек-жеңі жиюсыз дарқан даламыздың пұшпақ-пұшпағында
шашырап жүрген әнші, күйшімізге құлақ тұріп, іздеу салды, басын қосты. Ғасырлар
бойы басы бірігіп, бағыты түзелмей келген қазақ өнерпаздары тарихта тұңғыш рет
тізе қосысып, жаңа бір үлкен мақсатқа бет түзеді. Сол үлкен шеруге әп дегенде
бас болған қаршадай қазақ жігіті сол көш басылық орнынан әлі бір мызғыған емес.
Уақыт шашын ағартты, жасын ұлғайтты, қарсы алдынан қара суық жел боп та
қадалды; жол-жөнекей ауылдың жатып үрер күшігіндей қанжығасына да жармасты,
бірақ, қайсар талантты алған бағытынан тайдыра алмады, асқақ басын идіре алмады.
Ол бастаған істің өркен жаймағаны жоқ. Қазақ музыка мәдениеті қазір әлемнің
аузына ілікті; ол ірге тасын қалаған музыкалық техникум бүгінде көп ұлтты кеңес
өнеріне талай-талай саңлақ өнерпаздар қосқан іргелі өнер институты; ол алғаш
ұйымдастырған музыкалық коллектив - Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрі
бүгінде күллі кеңес музыка мәдениетінің даңқын асырған айтулы коллектив, ол
негізін қаласқан қазақ кәсіби музыкасы - қазір көп қырлы, көп салалы,
үбірлі-шүбірлі үлкен ауыл. Сол үлкен ауылдың әр үйі, әр отауы Ахмет Қуанұлы
Жұбановты туған әкесіндей көріп, перзенттік адал махаббатпен қалтқысыз сүйеді.
Осынау саф талант саңлақты, сұңғыла білімпаз, көрнекті композитор, үлкен
ұйымдастырушы асыл азаматқа тек қазақ көркемәнері ғана емес, шарықтап өскен салауатты
елдердің қайсысымен де терөзе теңестіре алған, өскен, өрлеген күллі қазақ елі
де борышты. Халық кең пейіл, халық дарқан, ол бірақ өзінің ең асыл қазынасы
халиқтың махаббатын көрінген көк аттыға орынсыз төгіп-шаша бермейтін дарақы да
емес. Халықтың А. Жұбановқа деген махаббаты - мерейі өскен ананың «сүйінерге
жараған ұлына» деген сүйіспеншілігі.
Ахмет
Жұбанов қазақтың тұңғыш профессионал музыканты, тұңғыш профессионал музыка
педагогі, тұңғыш профессионал музыка зерттеушісі, тұңғыш профессионал дирижері,
тұңғыш профессионал композиторы, тұңғыш өнер ғылымының докторы, тұңғыш
профессоры, Қазақ ССР Ғылым академиясын құрысқан тұңғыш академиктердің бірі. Ол
осынша асқарға әншейін пысықтықпен даңқ қуып өрмелеген жоқ.
Сонының
жолы қашан да қиын болмақ. Ахмет Жұбанов атқарған көп істе талай қайратын
қажытар, көңілін мойытар сәттер де болды. Ол бұрын бірін-бірі көрмек түгілі,
алыстан аттарын да есітпеген, әр қия өлкеден, әр қия орындаушылық мектептен
түлеген тамаша күйшілерді бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын ынтымақшыл
ұжымға жұмылдырды.
Қаршадай
бала жігіт түкпір-түкпірден келіп жатқан қазақ күйшілерінен күн демей, түн
демей домбыра тартқызып күй тыңдады. Сонда кейінің бояуы оңған, кейінің мойыны
жіңішкерген қара домбыралардан бұрқыраған Құрманғазы, сылқ-сылқ Тәттімбет,
майда қоңыр Дәулеткерей, күйінген Тұркеш, кербез Қазанғап бой көрсетті.
Заманнан
бергі жүйріктердің ел көкірегінде келген күйлерінен А. Жұбанов өз халқының көп
ғасырлық көне тарихын, көпті көріп тозбаған, көпті көшіріп жоғалмаған ежелгі
өміршең жұртының рухани дүниесін айна қатесіз тани білді. Сол күйлерді
оркестрге түсіргенде әр дыбысты қалт жібермей, қағып алатын тақ-тақ шәкірттей
естігеніне табынып қалмай, сол күйлердің ұқтырғанына да жүгіне білді. Сондықтан
да, ол әр шығарманы оркестрге түсіргенде оны өзі естіген домбыраның үнімен
емес, сол шығарманы тудырушы рух пен ұғынушы рухтың логикасының камертонына сап
тексерді. Ол мұндай шынайы еркіндікті қазіргі кейбір композиторларымыздай ала
сап өңдей қойғыш ұшқалақ ұғыммен шатыстырған жоқ. Ол үшін күйлерді оркестрге
түсіру атымен соны құбылыс, өз спецификасы бар, көз келгеннің қолынан келе
бермейтұғын қиын іс. Ол халық композиторларының күйлері «консерватория бітірген
ғұлама музыканттардың» үшкіріп-түшкіруін ғана күтіп тұрған, оңай илей салатын
«шикізат» деп емес, бас-аяғы мүсінделген, бітіп тұрған, оркестрге түсірерде әр
дирижерден өз интерпретациясын қажет ететін салиқалы шығарма деп түсінеді. Ол
Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбеттің күйлері де баса-көктей жөнелуді
көтермейтін Бетховен мен Бахтың, Шопеннің шығармаларындай саф туындылар деп
санайды. Халық күйлерінен оркестрге түскен кейбір күйлерден сол мектептің
қағидалары-нан ауа жайылуды, халық композиторларының көкейі-нен шыққан кейбір
шығармалардың жөндейміз деп жүнделіп кеткенін көріп жүрміз.
Дүниеге
қазақтың тұңғыш оркестрі келді, сонымен бірге қазақтың тұңғыш профессионал
дирижері келді. Ол халық композиторларының шығармаларына интерпретация жасау,
оркестрге түсіру үстінде өз халқының рухани дүниесінің көп ғасырлық музыкалық
шежіресін жасады. Ахмет Жұбановтың бұл саладағы ересен еңбегі ұлы Мұхтар
Әуезовтың өз халқының көп томдық эпостық шежіресін жасағандағы жанқиярлық
еңбегін еске түсіреді. Ахмет Жұбановтың қазақ музыкасының арғы-бергі көп
жұмбағын шұқшия зерттеген еңбегі де, Әуезов айтқандай, жолаушылардың жұртында
қалған көмескі шоқты үрлеп жалын шығарғандай күрделі еңбек. Ахмет Жұбанов
қазақтың тұңғыш оркестрін құру үстінде өзінің талантты дирижер ғана емес,
көреген зерттеуші де екенін танытты. Жұбанов жазған қазақтың алғашқы музыкалық
әліппесі әлденеше кітаптық салиқалы зерттеулерге айналды. Сөйтіп, дүниеге
қазақтың өнертану, музыкатану ғылымы, қазақ музыкасының тарихы пайда болды.
Ахмет Жұбановтың бұл еңбегі даламыздың кен байлығын ақтарған Қаныш Сәтбаевтың,
әдеби байлығымызды зерттеген Мұхтар Әуезовтың еңбегімен парапар халық мерейін
көтерген іргелі еңбек.
А.
Жұбанов өз халқының музыкалық қазынасын төкпей-шашпай жинақтау, зерттеу үстінде
өзінің компо-зиторлық үлкен талантын да танытты. Оның композитор Латиф
Хамидимен бірге жазған «Абай» операсы қазақ мәдениетінің тарихына алтын әріппен
жазылған. Музыкада Абайдай кемеңгердің сом тұлғасын жасау композитордан ұлы
ақынның өзі көтерілгенг азаматтық, суреткерлік ойшылдық биік деңгейді талап
етеді. «Абай» операсының табысты шығуына екі композитордың да қытайы бояудай
айқын да анық талантымен қоса, А. Жұбановтың үлкен зерттеушілігі өткір де
көреген ойы көп осер етті. «Абай» операсы кер заманның талқысына түекен үлкен
ойшыл азаматтың жан дүниесіндегі арпалыстың жеті қат сырын жетіп ашқан қуатымен
құнды. А. Жұбановтың қаламынан туған жүздеген әндер, романстар, сюиталар
қазақтың музыкалық қазынасының алыстан мен мұндалап тұрар асқар биігі.
А.
Жұбановтың ең басты еңбегінің бірі - қазақтың музыка мәдениетіне сан ұрпақ
музыканттар, дирижерлар, композиторлар, музығка зерттеуші ғалымдар тәрбиелеп қосқаны.
Шын жүйріктің арқасы алды-артынан дүбір шықса ғана қозады. Музыка майданындағы
алғашқы адымын педагог ретінде бастаған Ахмет Жұбанов өзім болып, өзім толсам
болды, алды-артымнан ешкім шықпай, көзім тіріде сояудай сойқан елестеп, саяқ
өткенім жақсы дейтін бедеу мінезден атымен аулақ. Ол өзінің алпыс жылдық алқалы
тойына қаумаласқан қалың нөкер шәкірттерімен келіп отыр. Шын ұстаздың
көсе-іесін көгертетін де сол мол тұлек.
Қазір
ол күллі саналы өміріне өзек боп келе жатқан бір іргелі тақырып үстінде еңбек
етуде. Ол - Құрманғазы жайлы опера...
Оның
қызмет орны - әлі күнге дейін республикамыздың музыка мәдениетінің бас штабы...
Академияның бір жұпынылау бөлмесінде иін тіресіп бес стол тұр. Соның бірін ақ
буырыл академик Ахмет Жұбанов иемденеді. Қасында - қазақ музыкасының көкейтесті
мәселелерімен айналысып жатқан кешегі шәкірттері, бүгінгі әріптестері, музыка
зерттеуші мамандар. Соның бір бұрышында өз станогында осы цехтың өз ісіне
сұңғыла жетік кәрі шебер отыр. Ол өзінің көпті біліп, кепті білгізген қырау
самай ақ шаңқан басын асқақ ұстайды. Бірақ, осынау шын мәніндегі халық артисі,
халық азаматы Ахмет Жұбанов өзінің саналы өмірін арнаған ұлы өнер мен ұлы
халықтың алдында бейнетқор басын ибамен иіп, тағзым етумен келеді.
Бүгінгідей
торқалы той үстінде өзінің адал ұлы, асыл азаматына сол ұлы халықтың өзі
құрметпен бас иеді.
 
1966