ВЕРНУТЬСЯ

                      (1894-1974)АУЫЛҒА СҮГІР–АЙ КЕЛДІ ДЕП...            (Өлеңдер, толғаулар)                                                        АЛҒЫ СӨЗ          Сүгір Бегендікұлы 1894 жылы Маңғыстау түбегіндегі Өгіз Өреулі деген жерде кедей шаруаның отбасында дүниеге келді. Бастапқы кезде ауыл молдасынан оқып, ескіше аздап сауатын ашады. Әкесіне көмектесіп, мал бағумен айналысады. Әйтсе де өлең мен жырға құмарта түседі. Ел ішіндегі той-думанға, ұйымдастырылған астарға барып, өнерлі адамдардың жырын тыңдайды. Бұған шын берілгендігі сонша, өзі де айтылған дастандарды тез жаттап алады. Бастапқы кезде оның жаттағаны Ноғайлық жырлары болатын.         Енді кішігірім тойларда Сүгір де өнер көрсете батайды. Оның есімі ауылдан ауылға тарап, ел ішінде «жыршы бала» атанады. Бұған оның мерейі үстем болып, шаруашылықты мүлдем қойып, жыр айтуға кіріседі. Өзі де жанынан өлеңдер шығарып, ақындық жолына түседі. Бірақ оның ақыныдығынан жыршылығы басым болатын. Сондықтан замандастары Сүгірді жыршы, жырау деп бағалады. Ол – ақын, ол – жырау, сонымен қатар ол – сазгер, Сүгір жырларының әуенді саздары құлаққа жағымды, көңілге сүйкімді. Бұл атақтар кез-келген адамға берілмейді. Әңгіме Сүгірдің ұзақ жырлауында емес, оның сан-салалы үні, әртүрлі қимылы, тыңдаушыны өзіне тартып алар шеберлік таланты әсер еткен болса керек. Бір жырды құйқылжытып, әртүрлі мақамда айту – үлкен шеберлік. Бұл тек қана Сүгірдей талант иесінің қолынан келетін іс.         Бірақ, кедейшілік тақсіреті Сүгір шаңырағынан айналсоқтап шықпай қойды. Сөйтіп жүргенде Кеңес үкіметі орнап, бар жақсылық халыққа жасалады деген үміт туындады. Оның жалғасы репрессиялауға ұшырап, жазықсыз жандар жапа шекті.         Өмірдің осындай ауыр тақсіреті талантты жастың туған жерін тастап, Түрікменстан, Өзбекстан, Қарақалпақстан – өз республикамыздың басқа аймақтарында өмір сүруге мәжбүр етті. Сонда жүріп туған елге деген арнау, сағыныш өлеңдерін жазды. Халық жиналған той-мерекелерде бірнеше күндер бойы «Орақ-Мамай», «Қарасай-Қази», «Мұңлық-Зарлық», «Едіге» және басқа да батырлар туралы поэмалары мен ноғайлық жырларын, тағы да басқа ұзақ дастандарды жалықпай жырлады. Сөйтіп, жүрген жерлеріндегі халықтың көңілін көтеріп, өзінің өнерін ұштай түсті. Құрметке бөленген Сүгірді халық ақын-жырау деп атады.         Сүгір өлеңдері насихаттау бағытында құрылған. Жастарды білімге, өнерге, мәдениеттілікке, әдептілікке, парасаттылыққа шақырады. Оның тағы бір ерекшелігі – елдің ерлігін, елдігін, адамгершілік қасиеттерін, өмірдің мәні мен мағынасын үлкен ойшылдықпен жырға қосып, бұқара халықтың рухын көтеруді мақсат екен. Ол осы өлеңдері мен жырларын қағаз бетіне түсіріп, домбыраға қосып айтатын болған. 1924-1925 жылдары қарт Қашағанмен кездесіп, өлең-жырларын сынатқан. Қарт ақын оны жоғары бағалаған.         1931-1932 жылдары Сүгірдің үй-іші Бесқала, Қоңырат жағын паналап, сол жаққа қоныс аударады, 1936-1937 жылдары Тәжен, Байрамалы маңында болады. Соғыс кезінде Шаржау төңірегінде болып, өнерін жалғастыра түседі. Бұл кездегі өлеңдерінің басты тақырыбы – елді ерлікке үгіттеу, халықты жұбату, көңілін көтеру.         Осы жырлары қазақ жастарының басын қосып, өнерге баулиды. Оларға ән, жыр үйретеді, Республикалық олимпиадаға қатыстырып, жүлделі орындарға ие болады. Кейіннен олардың арасынан Бүркітбай, Рейім сияқты атақты жыршылар шығады.         1948 жылы Қарақалпақстандағы Көне Үргенішке көшіп келеді. Елге, туған жерге деген ой-арманы Сүгірді 1968 жылы Бейнеу ауданы Сам елді мекеніне көшіп келуіне септігін тигізді. Ол Ақжігіт ауылдық Кеңесіне қарасты «Маңғыстау» кеңашарынды тұрды.         1972 жылы Жаңаөзен қаласына қарасты Қызылсай кентіне көшіп келіп қоныстанды. 1974 жылы 30 маусымда 80 жасқа толған шағында қайтыс болады. Мүрдесі Шопан Ата қорымына қойылды.                    Асылбек  АйдаровҚазақстан  Журналистер Одағының мүшесі,

Сүгір