ВЕРНУТЬСЯ

 
   Күн тұман. 
Сүйдім өмірді сыртынан.
Ішімнен өртеніп
Жүзімнен құлпырам .
Күн жаңбыр.
Жер беті жыбырлап құрдан құр.
Балалар күлімдеп Күндейін.
Ағаштар күрсініп тұрған -біл.
Күн шуақ.
Айналған анаңдай ұрсып ап.
Сәулеге малшынды жүрегім,
Табиғат тұр сынап.
Күн тұман.
Сүйдім өмірді сыртынан.
Ішімнен өртеніп,
Жүзімнен құлпырам.