ВЕРНУТЬСЯ

Сырласарға қара жоқ,
Мұңдасарға дара жоқ,
Жыртылар ма екен бұл жүрек
Бір күні пара-пара боп.
Қастың ғайбат сөзі өтті.
Дос бопсасы мезі етті.
Өңмеңдеген өкініш
Өртеп барады өзекті.
Елеуредім "ел" деп мен,
Желендедім "жер" деп мен
Тіл үшін тартпай тілімді
Сайыстым сансыз жендетпен.
Елең қылмай ел мені,
Жерге тықпақ жер мені,
Тілдеп жатыр тіл шіркін,
Сонда неге сенгенмін?!
                                   1995.