ВЕРНУТЬСЯ

        Жазғырма мені, жан-аға,

Жаманға мені балама.

Жалғыз түп емен көріп пе ең,

Жабырқап тұрған далада?

Емен деп мені бағала.

Еменде жапырақ-жүректер,

Үй етсе самал дір еткен.

Осынау елсіз жапанға,

Жападан-жалғыз кім еккен?

Далада дауыл болғанда,

Сая жоқ жанын қорғауға.

Ұшайын
десе қанат жоқ,

Қорғанға - алыс орманға.

Жазғырма мені, жаи-аға,

Жаманға мүлде балама.

Бұлаққа
барсаң, жалғыз түп,

Талшыбық тұрар
жағада.

Шыбық деп мені бағала.

Кеткенше қиып әлдекім.

Емен де, мейлің, тал дегін.

Әзірге менің бар демім,

Осындай, аға, халдемін...