ВЕРНУТЬСЯ

       Жазылар естеліктер мен туралы,

Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.

Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,

Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы.

Аңыз ғып айтар
мүмкін қылығымды,

Қылығымды ұнатқан
жұлынуды.

Жақсы көрген дер
мүмкін «жылынуды»

Әйтеуір қазбас
былық-шылығымды.

Жоқ жанды қиған
емес жамандауға,

(Сол үшін рақмет
адамдарға!!!)

Білемін, әйтеуір
бір замандарда,

Жүреді жүз жыл
жасап жаман қарға...

Жазылар
естеліктер нешелеген,

Көрерміз онын,
бәрін пешенеден.

Әйтеуір,
білетінім бір-ақ нәрсе -

Көшеді өлең
немесе өшеді өлең!

Қулары, таудың
қызыл түлкісі дер,

Момындар, біздің
үйдің кірпіші дер.

Мәңгілікке
өзіммен ала кеткен,

Менің нәзік
жанымды кім түсінер!?