ВЕРНУТЬСЯ

       Бәрі де ұнасымды:

Неше тәулік түнерген күн ашылды,

Алаңдарды кернеген сән-салтанат,

Асылып Алатауға құлаш ұрды.

Алқызыл ұрандардан, жалаулардан,

Көшелерде алқызыл алау жанған.

Зиянсыз зеңбіректер атылуда,

Әскери қалашықтан, аландардан.

Ұнасымды,
жарасымды,

Адамдардың барлығы бала-сынды.

Алаулаған Алматы тербеледі,

Қызғалдағы құлпырған дала-сынды.

...Есіме алдым ауылды, Қарасуды,

Сағыныштан көңілім аласұрды.

Қарасу да мейрамдап жатқан болар,

Салтанаты бойына
жарасулы...

Тамашалап жатыр-ау таулы мекен,

Таулы мекен...

Жаныммен баулып өтем.

Бір уыс бұлт бір тамбай кетпеуші еді,

Қарасуға қар жауып қалды ма екен...