ВЕРНУТЬСЯ

           Жұбан-аға, ғашық ең гүл-өмірге.

Сызат түсті-ау сол күні жүрегіңе.

Әлі айтады көргендер ерлігінді

Қадіріңді көрмеген біледі ме?

Санасыздар тындады, күлді, кетті,

Уақыт өтті жаралап бір жүректі,

Сен қасқайып тұрғанда, сыр білдірмей,

Қолындағы ақ парақ дір-дір етті.

Сонда сенің сөзіңді Ерлік дедік,

Біз ерлікті көзбенен көрдік дедік.

Одан кейін тағы да қалған қазақ

Руларға араны бөлдік келіп.

Елдік емес, ісіміз бас пайдалық,

Ертеңгіні жатпаймыз әсте ойланып.

Қол соққанмен сөзіңе, өлгеннен соң,

Қабіріңе тоғыз жыл тас қоймадық.