ВЕРНУТЬСЯ

     Жұмбақ ойды кеңітер, бермейді сөз,
Таза суы - шешендік, дариясы - сөз. 
Әншейін ауызбенен айтылғанда,
Сөзді құлақ естиді, көрмейді көз.
Ыдыс - қаріп, көз көріп тізбелейміз.
Оның айтқан дыбысын
естімейміз,
Дария көрген - хат білген жалпы адамдар.
Ине керек, қылмайды, киім тамақ,
Ұйықтаймын
деп ешқашан жаппас қабақ.
Жылпылдатып бұйымды тігесіз ғой
Тұлымдары - өткізген жіптен сабақ.
Тоғыз қатын,
тоғыз сан, тоғыз бөлек,
Тоғыз цифр киеді түсі өзгерек.
Бірінен-бірі жуан бола беріп,
Ойласаң тоғыздан «он» туса керек.
Киімі оның бір цифр, бір ноль болар,
Ноль деген цифрдан жат бір дөңгелек.
Қанша санды жазса да осы он цифр,
Жететінін байқарсыз, болсаң зерек.
Деп ойларсың таба алмай бұл
немене?
Таба алмасаң, айтайын, ол таз-кене!
Түйе кене атанып қанға тойса,
Көксұр болып кетеді күрең дене.
Бір қағазды қи-дағы үш бұрыштап,
Бір бұрышын ортасынан кес дұрыстап.
Қалған қағаз болады төрт бұрышты,
Үш бұрышты қиығын тұрсаң ұстап.
Жұмбақ айтып не
керек әуре қылмақ,
Керегі сол: ойланып ой ашылмақ.
Әлемде әр нәрсенің қарсысы бар,
Бар қарсысы «жоқ» еді осы жұмбақ.