Футбол: «Ақжайық» премьер-лигаға қайта оралуды мақсат етіп отыр

Футболдан Қазақстан чемпионатының бірінші лигасында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» премьер-лигаға қайта оралуды мақсат етіп отыр.

«Ақжайық» футбол клубының спорттық директоры Ерболат Темірғалиевтің айтуынша, қазіргі кезде команда бас бапкер Бауыржан Баймұхамедовтің басшылығымен Түркияда жаттығу жиынын өткізуде. Одан клуб 25 наурызда оралады. 

«Ақжайық» әзірге бір ғана легионер, болгариялық қорғаушы Иван Миховпен келісімшартқа қол қойды. Бірінші лига командаларында барлығы үш легионердің болуына рұқсат етіледі. Күні бүгін тағы екі легионерді қатарға алу ойластырылуда.

«Ақжайықтан» жергілікті ойыншылар Бауыржан Омаров пен Владимир Плотников «Тобылға», Сергей Шевцов Қызылорданың «Қайсарына» ауысты. Басқалары қатарда, соның ішінде өзге командаларда бақ сынап көрмекші болған Алексей Мальцев, Николай Забродин, Руслан Қайыров қайта оралды.

Оралдықтар жаңа маусымның алғашқы кездесуін 6 сәуір күні өз алаңында Талдықорғанның «Жетісу-Сұңқар» командасымен өткізеді.

http://www.inform.kz
Поделиться: 

Добавить комментарий

CAPTCHA
Подтвердите, что Вы не робот.