Ұлыбританиялық азамат П.Барухқа қатысты сот талқысы басталды

Кеше БҚО кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ұлыбританиялық азамат Питер Барухқа қатысты басты сот талқысы басталды.

БҚО сотының баспасөз қызметінен хабарлағандай, тергеу органдары шетелдік азаматтың үстінен ҚР ҚК 273-1-бабы 3-бөлігі «б» тармағы және 124-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын. Ол жас қыздарды азғындыққа итермелеп, порнографиялық сипаттағы фотосуреттер дайындады деп айыпталуда. Атап айтқанда, П.Барух қонақүй бөлмесіне жасөспірім қыздарды шақырып, төлемақы беріп, жалаңаш күйінде суретке түсірген.

Айта кетейік, ол 9 ақпаннан бері сот санкциясымен қамауда отыр. Сот талқысы жабық жағдайда өтуде.

inform.kz
Поделиться: 

Добавить комментарий

CAPTCHA
Подтвердите, что Вы не робот.