- Главная
- Новости
- Справочная информация
- Наш город
- О сайте
- Әдебиет
- Объявления
- Метко сказано
- Алаш-100
Оралдың орталығында көлік жанып кетті (ВИДЕО)
Оралдың орталығында «Ниссан Патруль» джипі отқа оранды, деп хабарлады «Уральская неделя».
Облыстық өрт сөндіру қызметінің мәліметіне қарағанда, ТЖ 11 шілдеде шамамен сағат 06:28-де Темір Масин көшесі бойындағы №48 үйдің ауласында орын алған.
Алдын ала болжам бойынша оған техникалық ақаулық себеп болған.
Куәгерлердің бірі, редакцияға өрттің видеосын жіберген адам шамамен сағат 6.30-да дабылқаққыштың дауысын естіп балконға шыққан.
«Көлік жүргізуші жағынан жана бастаған. Өртті көрген соң бірден өрт сөндіру қызметіне хабарладым. Онда құтқарушылардың шыққаны жайлы айтты», - деді куәгер.
Бүгінде өртеніп кеткен көліктің мемлекеттік нөмірі L 024 MEM болғаны белгілі. «Уральская неделя» хабарлағандай, Темір Масин көшесі бойындағы №48 үйдің тұрғындары көлік иесінің атын атап, мәлімдеме жасаудан бас тартқан.
- Бұл - белгілі адам. Тіс жарсам, мені жұмыстан шығарып жібереді,- деп барлығы бір сөзді журналистерге қайталай берді.
http://www.inform.kz/
- 84 просмотра
Добавить комментарий