Оралдың орталығында көлік жанып кетті (ВИДЕО)

Оралдың орталығында «Ниссан Патруль» джипі отқа оранды, деп хабарлады «Уральская неделя».

Облыстық өрт сөндіру қызметінің мәліметіне қарағанда, ТЖ 11 шілдеде шамамен сағат 06:28-де Темір Масин көшесі бойындағы №48 үйдің ауласында орын алған.

Алдын ала болжам бойынша оған техникалық ақаулық себеп болған.

Куәгерлердің бірі, редакцияға өрттің видеосын жіберген адам шамамен сағат 6.30-да дабылқаққыштың дауысын естіп балконға шыққан.

«Көлік жүргізуші жағынан жана бастаған. Өртті көрген соң бірден өрт сөндіру қызметіне хабарладым. Онда құтқарушылардың шыққаны жайлы айтты», - деді куәгер.

Бүгінде өртеніп кеткен көліктің мемлекеттік нөмірі L 024 MEM болғаны белгілі. «Уральская неделя» хабарлағандай, Темір Масин көшесі бойындағы №48 үйдің тұрғындары көлік иесінің атын атап, мәлімдеме жасаудан бас тартқан.

- Бұл - белгілі адам. Тіс жарсам, мені жұмыстан шығарып жібереді,- деп барлығы бір сөзді журналистерге қайталай берді.

http://www.inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз