- Главная
- Новости
- Справочная информация
- Наш город
- О сайте
- Әдебиет
- Объявления
- Метко сказано
- Алаш-100
Көгалдағы хоккейден ел біріншілігінде оралдық қыздар екінші орынды еншіледі
Талдықорған қаласында 1998 жылғы қыздар арасында көгалдағы хоккейден өткен ел біріншілігінен Орал қаласының командасы табысты оралды.
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, аталмыш жарысқа Алматы облысы, Орал және Астана қалалары, Қарабұлақ (Алматы облысы) командалары қатысып, екі айналымда бақ сынады. Оралдық команда құрамында Неля Башарова, Дарья Ильичева, Жұлдыз Қайырлиева, Ділнәз Хайрушева, Айкүміс Өтепберген, Жанель Сансызбай сынды хоккейшілер ойнады.
Бірінші айналым барысында оралдықтар Астана мен Қарабұлақ командаларын 2:0, 2:1 есебімен ұтып, Алматы облысына 1:3 есебімен есе жіберді. Екінші айналымда да Астана мен Қарабұлақ ойыншыларын жеңген батысқазақстандықтар алматылықтардан ұтылды. Сөйтіп қорытынды есепте 12 ұпай жинаған оралдықтар екінші орынға көтерілді.
http://kazinform.kz/
- 49 просмотров
Добавить комментарий