- Главная
- Новости
- Справочная информация
- Наш город
- О сайте
- Әдебиет
- Объявления
- Метко сказано
- Алаш-100
БҚО-да «Мас жүргізуші - қылмыскер» шарасы кезінде 817 жол ережесін бұзушылық тіркелді
Батыс Қазақстан облысында 5-7 наурыз күндері «Мас жүргізуші - қылмыскер» шарасы кезінде 817 жол ережесін бұзушылық тіркелді.
БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде 37 жүргізуші ішімдік ішіп алған болып шықты. 171-і жылдамдықты шектен тыс арттырғаны үшін ұсталды.
Жалпы, өңірде 2013 жылы рульге ішімдік ішкен және есірткіге елтіген күйінде отырған 2394 жүргізушінің 1805-і көлік құралын басқару құқығынан айырылса, 358-і әкімшілік жауапқа тартылған болатын.
Сондай-ақ облыста 4-10 наурызда өткізілген «Транзит» шарасы барысында 1614 жол ережесін бұзушылық белгілі болса, соның 101-ін шетелдерде тіркелген автокөлік жүргізушілері жасаған. 2 автокөлік кеден заңдылығын бұзғаны үшін тоқтатылды. Ал 72 мас жүргізушінің үшеуі шетелдік азамат екен.
Бүгіннен бастап облыс аумағында «Автобус» жедел алдын алу шарасы өтуде.
http://www.inform.kz/
- 93 просмотра
Добавить комментарий