- Главная
- Новости
- Справочная информация
- Наш город
- О сайте
- Әдебиет
- Объявления
- Метко сказано
- Алаш-100
Оралда 15 жасар қыз тоғызыншы қабаттан секіріп кетті
12 қазан 2015 жылы кешке сағат 19.55 шамасында Орал қаласындағы Жданов көшесі 14-үйдің жанынан 2000 жылғы қыздың мүрдесі табылды. Ол тоғызыншы қабаттан секіріп кеткен.
БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, марқұмның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Оқиға орнынан кілттер, ұялы телефон, жүк сөмкесі (рюкзак), қан дағы табылған.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып, аталған дерек бойынша Орал қалалық ішкі істер басқармасы тергеу амалдарын жүргізуде.
Облыстық спортқа дарынды балалар мектеп-интернатының директоры Қанат Жанғалиевтің айтуынша, 15 жасар Анастасия Агибалова 9-сыныпта оқыған. Волейбол бөлімінің тәрбиеленушісі болған.
http://inform.kz/
- 100 просмотров
Добавить комментарий