Оралда 15 жасар қыз тоғызыншы қабаттан секіріп кетті

12 қазан 2015 жылы кешке сағат 19.55 шамасында Орал қаласындағы Жданов көшесі 14-үйдің жанынан 2000 жылғы қыздың мүрдесі табылды. Ол тоғызыншы қабаттан секіріп кеткен.

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, марқұмның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Оқиға орнынан кілттер, ұялы телефон, жүк сөмкесі (рюкзак), қан дағы табылған.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып, аталған дерек бойынша Орал қалалық ішкі істер басқармасы тергеу амалдарын жүргізуде.

Облыстық спортқа дарынды балалар мектеп-интернатының директоры Қанат Жанғалиевтің айтуынша, 15 жасар Анастасия Агибалова 9-сыныпта оқыған. Волейбол бөлімінің тәрбиеленушісі болған. 

http://inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз