- Главная
- Новости
- Справочная информация
- Наш город
- О сайте
- Әдебиет
- Объявления
- Метко сказано
- Алаш-100
Қазақстанда Статистика күні аталып өтуде
![](http://ip24.kz/sites/default/files/styles/large/public/b1ed4d3123c6aa1b43aaae93d7e0e82f.jpg?itok=j9A5R4rK)
8 қарашада Қазақстанда «Статистика күні» кәсіби мерекесі аталып өтеді, деп хабарлайды BNews.kz. Биыл Қазақстанның мемлекеттік статистикасына 95 жыл толып отыр.
«2015 жылдың 8 қарашасында Қазақстанның мемлекеттік статистикасына 95 жыл толады. 1920 жылы дәл осы күні Қазақ АСКР үкіметі Қазақстандағы бірыңғай орталықтанған статистика жүйесінің бастауы болған «ҚазАСКР-дегі мемстатистика туралы ереже» қабылдады. Соңғы 5 жылда мемлекеттік статистиканы жаңғырту жұмысы үш бағытта жүргізілді: заманауи ақпараттық технологияларды енгізу, статистикалық әдіснаманы жетілдіру және есепке алу мен есеп беру формаларын оңтайландыру», - дейді ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Әлихан Смаилов «Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы жаңғырту» халықаралық конференциясы барысында.
Бейінді ведомствоның мәліметінше, соңғы екі жылда комитеттің статистика формаларының саны 20%-ға, ведомстволық статформалар – 33%-ға, түрлі меморгандарда әкімшілік есепке алу формаларының саны 42%-ға қысқарған.
http://bnews.kz/
- 80 просмотров
Добавить комментарий