Қазақстанда Статистика күні аталып өтуде

8 қарашада Қазақстанда «Статистика күні» кәсіби мерекесі аталып өтеді, деп хабарлайды BNews.kz. Биыл Қазақстанның мемлекеттік статистикасына 95 жыл толып отыр. 

«2015 жылдың 8 қарашасында Қазақстанның мемлекеттік статистикасына 95 жыл толады. 1920 жылы дәл осы күні Қазақ АСКР үкіметі Қазақстандағы бірыңғай орталықтанған статистика жүйесінің бастауы болған «ҚазАСКР-дегі мемстатистика туралы ереже» қабылдады. Соңғы 5 жылда мемлекеттік статистиканы жаңғырту жұмысы үш бағытта жүргізілді: заманауи ақпараттық технологияларды енгізу, статистикалық әдіснаманы жетілдіру және есепке алу мен есеп беру формаларын оңтайландыру», - дейді ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Әлихан Смаилов «Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы жаңғырту» халықаралық конференциясы барысында.

Бейінді ведомствоның мәліметінше, соңғы екі жылда комитеттің статистика формаларының саны 20%-ға, ведомстволық статформалар – 33%-ға, түрлі меморгандарда әкімшілік есепке алу формаларының саны 42%-ға қысқарған.

http://bnews.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз