Оралда халық әртісі Роза Бағланованы еске алу кеші болды

Орал қаласында КСРО халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованы еске алу кеші болды.

Кеш барысында атақты әнші туралы деректі фильм көрсетіліп, кезінде Р.Бағланова орындаған әндер шырқалды.

Роза Бағлановамен көп жыл қызметтес болған Қазақстанның халық әртісі Сара Тыныштығұлова, белгілі әнші Құрмаш Маханов естеліктерімен бөлісті. Концертке сондай-ақ Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония солисі Жаскелең Ғайсағалиев, жастар шығармашылығы орталығының әншісі Нұргүл Оразғалиева сынды жергілікті өнерпаздар да қатысты.

Кезінде жиырма жылдай Р.Бағланованың продюсері болған Қуаныш Әбдіқалымовтың айтуынша, мұндай еске алу кештері өңірлерде ұйымдастырылып келеді. Ол осы кешті өткізуге қолұшын берген БҚО әкімдігі, мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, жастар шығармашылығы орталығына алғысын білдірді.
Роза Бағланова

http://kazinform.kz
Поделиться: 

Добавить комментарий

CAPTCHA
Подтвердите, что Вы не робот.