- Главная
- Новости
- Справочная информация
- Наш город
- О сайте
- Әдебиет
- Объявления
- Метко сказано
- Алаш-100
Оралда этномәдени бірлестіктер ұлттық тағамдарын ұсынды
Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Орал қалалық мәдениет және демалыс саябағында халық ісмерлерінің көрмесі болып, этномәдени бірлестіктер ұлттық тағамдарын ұсынды.
Көрмені тамашалауға облыс басшыларымен бірге Мәжіліс депутаттары Елена Тарасенко, Самиғолла Оразов, Виктор Киянский қатысты.
Шаңырақ бейнеленген орталықта әр этномәдени бірлестік өз ұлттық салт-дәстүрлерін көрсетті. Сонымен қатар Қазақстан халқы БҚО ассамблеясының жастар қанаты мерекелік концерт қойды.
Облыс басшысы Нұрлан Ноғаев жиналғандарға игі тілегін жеткізіп, әсіресе, жастардың ел ертеңі екендігін, олардың аға ұрпақтан үлгі ала отырып, қажырлы еңбек етіп, қоғамдық-саяси өмірге белсене араласуы қажеттігін атап көрсетті.
Мерекелік флеш-мобқа қатысушылар аспанға түрлі түсті шарлар ұшырды.
http://www.inform.kz/
- 89 просмотров
Добавить комментарий