Орал қаласының және БҚО жаңалықтары

Туысын өлтірмекші болған тұрғын алты жылға сотталды - БҚО

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 25 қарашадағы үкімімен А.Фофонов ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлімі, 96-бабы 1-бөлімімен айыпты деп танылып, алты жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң тәртіптегі түзеу мекемесінде өтеуге сотталды.

Батыс Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласының үздік қызметкерлері марапатталды

25  қараша күні Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің мерекесіне орай салтанатты жиын болды.

Орал әкімдігі даулы полигон жабылады деп мәлімдеді

Орал қаласының әкімі Ғалым Орынғалиев бүгін қала іргесіндегі өндірістік қалдықтар өңдеуге арналған полигонның жабылатынын мәлімдеді

БҚО-да браконьерлер мемлекеттің 3 млн теңге шығынын өтейтін болды

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының соты браконьерлерге қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды BNews.kz. 

Облыстық прокуратураның мәліметінше, биылғы жылдың 26 тамызында рейд жүргізген «Охотзоопром» РМКК және Жәнібек ауданының ІІБ қызметкерлері киіктерді заңсыз атумен айналысқан Қазталов және Жәнібек аудандарының 3 тұрғынын ұстады. Оқиға болған жерді қарау барысында 17 дана мүйіз бен атылған киік тәркіленген. 

Киік атып, мемлекетке 3,3 млн. теңгеден астам залал келтірген браконьерлер жазасын алды - БҚО

Жәнібек аудандық соты киік атып, мемлекетке 3,333 млн. теңге залал келтірген браконьерлерге қатысты айыптау үкімін шығарды.

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, биылғы 26 тамызда рейд кезінде «Охотозоопром» РМКК және Жәнібек аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлері заңсыз киік атумен айналысқан Қазталов және Жәнібек ауданының  тұрғындары Құбышев, Қалмияров, Ғалиевті қолға түсірді. Оқиға орнынан 17 дана мүйіз бен киік еті алынған.

Беттер

Subscribe to RSS - Орал қаласының және БҚО жаңалықтары