1,2 млн. теңге көлемінде қаржы жымқырған директор істі болды

Орал қалалық сотының 5 наурыз күнгі үкімімен «Көркем Орал» МКК директоры Серік Қажығали ҚР 176-бабы 3-бөлімі, 314-бабы 1-бөліміне сәйкес 1,2 млн. теңге бюджеттік қаржыны жымқырғаны үшін үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, құрылтайшысы қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі болып табылатын аталмыш мекеме директоры табыс табу мақсатында қызметтік жалғандық жасап, ресми құжаттарға жалған деректер енгізген. Сөйтіп қалада билборд орнатуға және басқа мақсатқа бөлінген қаржыны өзі иемденіп, өз мұқтажына жұмсаған.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз