2 миллион теңгеге сынған тіс

Теректі ауданының тұрғыны жауапкерден моральдық және материалдық нұқсан келтіргенін дәл осындай бағаға бағалады.
Теркті ауданының №2 сотқа жәбірленушіден моральдық нұқсан келтірілген үшін 1 миллион теңге және матириалдық нұқсан келтірілгені үшін 986 200 теңге жауапкерден төлетуге арыз түскен.
7 регион ғаламторының мәліметі бойынша, жәбірленуші мен жауапкердің арасында жанжал туып, ақыры төбелеспен аяқталған. Жауапкердің күші басым болғандықтан, ол қарсыласын көк ала қойдай сабап қана қоймай тіс коронкасының бөлігін сындырып тыңған.
Соттың шешімі бойынша жауапкер әкімшілік жазаға тартылып, 10 тәуілікке қамауға алынды және жәбірленушіге 5000 теңге көлемінде залалды өндіріп алуға үкім шығарылды.

Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз