26 жасар ер адам суға кетті

Кеше Оралға қарасты Круглоозерный кенті маңынан өзеннен суға кеткен 26 жасар ер адамның мүрдесі шығарылды.

Жақын-жуықтарының сөзіне қарағанда, марқұм Жәнібек ауылында өрт сөндіруші болып қызмет істеген. Қайынжұрты Круглоозерный кентіне қыдырып келген ол онша жүзи білмесе де, бұдан екі күн бұрын суға шомылуға барып, содан қайтпай қалған. Суда құтқару қызметінің қызметкерлері марқұмның денесін екі күннен кейін тапты.

Биыл осымен облыста он бес адам суға кетіп отыр.

http://www.inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз