339,6 млн. теңге қаржыны жымқырды деп айыпталған кәсіпкерге қатысты үкім өзгеріссіз қалдырылды

БҚО сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы кеше белгілі кәсіпкер Мұрат Жаркеев пен «БатысПоймаАгро» ауылдық тұтыну кооперативінің төрағасы Армат Ахметовке қатысты бірінші сатыдағы сот үкімін өзгеріссіз қалдырды.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, «Батыс Күнбағыс» АҚ басқармасының төрағасы, сондай-ақ «Жанар» шаруа қожалығы мен «ПоймаАгро» ЖШС-ның басшысы М.Жаркеевке А.Ахметовпен алдын ала сөз байласып, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ арқылы көктемгі егіс жұмыстарын атқаруға өңір ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге бөлінген 339,6 млн. теңгені жымқырған деген айып тағылып, қылмыстық іс сотта қаралды.

Орал қалалық сотының биылғы 14 ақпандағы үкімімен  М.Жаркеев ҚР ҚК 28-бабы 3-бөлімі, 176-бабы 4-бөлімі «б» тармағына сәйкес мүлкін тәркілеумен бірге 8 жылға, А.Ахметов ҚР ҚК 176-бабы 4-бөлімінің «б» тармағы бойынша 7 жылға сотталған еді. Осыған байланысты адвокаттар қалалық сот үкімін бұзып, сотталушыларды ақтау жөнінде апелляциялық шағым түсірген болатын.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз