45,5 мыңнан астам бизнес нысандарының көпшілігі Кеден одағы елдерімен жұмыс жасайды - БҚО

Батыс Қазақстан облысында 45,5 мыңнан астам шағын және орта бизнес нысаны болса, соның едәуір бөлігі Кеден одағы елдерімен жұмыс жасайды.

БҚО бойынша кедендік бақылау департаментінен мәлім еткеніндей, 11 жылдан астам уақыт бойы жұмыс жасайтын консультативтік кеңес те кәсіпкерлердің құқығын қорғап, әкімшілік кедергілердің төмендеуіне, тауар мен көлік құралдарын кедендік рәсімдеуді тездетуге ықпал етіп келеді.

Елбасының Қазақстан тауар өндірушілерінің жүгін тасымалдауда Кеден одағы мүмкіндіктерін барынша толық пайдалану керектігі жөніндегі сөзі де іс жүзінде қолдау тауып отыр.

Батысқазақстандық кеденшілердің басты міндеттерінің бірі - ел бюджетін толықтыруға үлес қосу. 21 сәуірдегі мәлімет бойынша жыл басынан бері бюджетке 5 млрд. 445 млн. 458 мың теңге кедендік төлемдер мен салықтар аударылды. Былайша айтқанда, ҚР Қаржы министрлігінің болжамды тапсырмасы (4 млрд. 855 млн. 382 мың теңге) 113,8 пайызға орындалып отыр.

Тағы бір басты мақсат - кеден заңдылығының бұзылуына жол бермеу. Биылғы бірінші тоқсанда кеден заңдылығын бұзушыларға қарсы 4 қылмыстық, 37 әкімшілік іс қозғалды. 800 мыңнан астам теңге айыппұл салынып, 18 млн. астам теңгенің тауары тәркіленді. Кеден одағының артықшылығы Ресей мен Беларусь елдерінің кеден мекемелерімен тауар мен көлік құралдарына қатысты ақпарат алмасуда да көрініс тауып отыр.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз