47 жастағы әйел босануға бір сағат қалғанда ғана жүкті екенін білген

АҚШ-та Массачусетс штатында ерекше жағдай орын алды.

Day.Az Metro-ға сілтеме жасап хабарлағандай, 47 жастағы әйел босануға бір сағат қалғанда ғана жүкті екенін білген.

Джуди Браун ішінің қатты ауыруы белгілерімен ауруханаға жеткізілді.  

«Дәрігерлер «Сіз үшін жақсы жаңалығымыз бар, сіздің аяғыңыз ауыр және біраздан соң босанасыз» деді», - деп еске алды Джуди. Бір сағаттан кейін салмағы 3,6 кг Каролин Роуз дүниеге келді.

Джуди денесінің өзгеріп жатқанын байқаған, алайда ол мұны қартайып жатқанының белгісі ретінде қабылдады.

Джуди мен Джейсонның отау құрғанына 22 жыл. Бала сүюді армандаған.  Каролин - екеуінің тұңғышы  балалары.

http://inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз