7 жасар бала велосипедпен 370 шақырымды бағындырды

Жеті жастағы Эдвин Бломдаль өз ата-анасымен бірге 370 шақырымдық жолды велосипедпен жүріп өтті. Олар Швецияның Кальмар қаласынан Берлинге сапар шеккен деп хабарлайды Ostran. Бломбальдың отбасы алғашында бұл сапарды 1 апта жүруге жоспарлаған екен. Алайда, 370 шақырым оларға 4 күнде бағынды. 

Баланың ата-анасы алғашқыда жолды бірнеше бөлікке бөліп, біраз аймақты велосипедпен, қалған жерін пойызбен жүріп өтуді жоспарлаған екен. Алайда, сапардың бірінші күні-ақ олар велоспиедтерін қамшылап, 103 шақырымды еркін бағындырыпты. Қалған күндері тәуекелге бел буып, межелеген нүктеге де жетіп барған.
Эдвин велосипед айдауды үш жастан асқан кезде үйренген. Ол бүгінде интернеттен өзінің блогын ашып, саяхат жасаған жерлерінен фоторепортаж жүргізіп отырады. Ал, отбасының кенжесі үш жасар Эмма болса келесі сапарда велосипедке отыруды енді үйреніп жүр. 

http://baq.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз