8 жасар қазақ қызының туындысы Лондондағы байқауда үздік деп танылды

8 жасар дарынды қазақ қызы Дінел Ырысбек жасаған көркем мүсін Лондонның ең үздік мектептерінің бірінде өткен байқауда үздік деп танылып, Трафалгар алаңындағы Төртінші тұғыр (Fourth Plinth in Trafalgar Square) бағдарламасы байқауының финалына өтті. Бұл байқау Лондон қаласы әкімінің қолдауымен жыл сайын өткізіліп тұрады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Бұл бағдарлама жыл өткен сайын қанатын кеңге жайып, Лондон жастарын көркем туындылар жасауға ынталандырып келеді. Мұндағы жастар өздерінің Ұлыбритания астанасында тұратындарын мақтан етеді. Бұл бағдарлама балаларға өздерінің әлемге деген көзқарастарын мүсінмен бейнелеп, ел тіршілігінің қарыштап дамуына септігін тигізуіне жол ашады», - дейді байқауды ұйымдастырушылар.

http://www.bnews.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз