Ағымдағы жылы БҚО-да 222 оқушы «Алтын белгіден» үмітті

Батыс Қазақстан облыстық білім беру басқармасының мәліметіне сүйенсек, ағымдағы оқу жылында мектеп бітірушілер саны, ІІІ тоқсанның қорытындысына сәйкес, облыс бойынша 4713 түлекті құрап отыр. Оның ішінде ҰБТ-ға шамамен 3577 оқушы қатысады деп күтілуде.  Аталмыш оқушылардың 2393-і қазақ тілінде, 1184-і орыс тілінде тапсырмақ. Бұл облыс бойынша 75,8%-ды құрауда.

Әзірге мектеп бітірушілердің 222-сі «Алтын белгіге» үміткерлер болса, 102 –сі «Ерекше аттестаттан» үмітті.

ҰБТ-ға қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі 10 наурыздан 25 сәуірге дейін жалғаспақ.

Тестілеу Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу пункттерінде 1-15 маусым аралығында өткізіледі.   

Өткен жылғы ҰБТ қорытындысына сәйкес, облысымыз республика бойынша  үшінші орынды иеленді.

2013 жылы ҰБТ-ға 5384 түлектің 3836-і қатысып, жалпы мектеп бітірушілердің 71,25 %  құрады.

ҰБТ қорытындысында орташа жинақ 78,15-і  құрады (2012 жыл-77,39 балл). Республиканың орташа көрсеткіші - 74,5 балл

 «Алтын белгіге» 209  үміткер болса, олардың 92-і немесе 44,02 % (2012 жылы - 36,97%) өз білімдерін қорғаса, 16 үміткерге 1 балл жетпеді. «Үздік аттестатқа» 120 үміткердің 34-і немесе 28,3% (2012 жылы - 22,4%) өз бағаларын қорғады.

http://zhaikpress.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз