Ақ Жайықта «Біз мәңгілік ел боламыз!» атты патриоттық әндердің аймақтық байқауы мәреге жетті

Кеше Орал қаласындағы Жастар мәдениет үйінде «Біз мәңгілік ел боламыз!» атты патриоттық әндердің аймақтық байқауы мәреге жетті.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен полиция қызметкерлерінің оң бейнесін қалыптастырып, моральдық-рухани деңгейін арттыру, өнерлерін ұштау мақсатында ұйымдастырылған сайысқа  Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарынан барлығы 35 тәртіп сақшысы қатысып, бақ сынады. Полиция қызметкерлері ән айтып, би билеп, терме орындап, ансамбльмен де сахнаны көркемдеді.

Екі кезеңнен тұратын байқау қорытындысында жеңімпаз-жүлдегерлер анықталып, олардың қатысуымен Жастар мәдениет үйінде гала-концерт қойылды. Сайыста озып шыққандарды ҚР ІІМ Кадр жұмысы департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Руслан Құрымбаев құттықтап, грамота, естелік сыйлықтарын табыс етті.

Жеңімпаздар республикалық байқауға жолдама алды.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз