Ақбұлақтағы көріктендіру күндері

Ақжайық ауданындағы Ақсуат ауылдық округінің Ақбұлақ ауылында да түрлі ұлт өкілдері, 180-ге жуық адам ынтымақта тұрады.

Қазақ, орыс, шешеннің ортақ тірлікке жұмылып кетуі қашаннан бергі дағды. Міне, кеше Каленное орманшысы Табылды Молдагалиевтың басқаруымен кезекті көріктендіру күні өтті. Темірғали Досымов, Муташ Қоштауов сынды қариялар ауылды көркейтуге зор үлес қосып, кейінгі жастарға әрдайым үлгі болуда. Осы жолы да олардың кеңесімен 40-қа жуық азамат күл-қоқысты жинап, тиісті жерге шығарды. Мысалы, Борис Фролов, Мұханбет Орынғалиұлы, Ерболат Аманжолұлы сынды тұрғындар жеке көліктерімен, трактор тіркемелерімен шықты. Кірме жолды түзеп, шұңқырларды тегістеді. Шамамен 25 тіркеме қоқыс аулаққа шығарылды. Любовь Геннадиевна, Таня Горишняя, Армангүл Мұқышева тұрғын үйлер маңын көріктендіру жөнінде өздеріне жүктелген істі тиянақты атқарды. Олар 19 сәуірдегі «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күніне» де ұйымшылдықпен қатысады.

http://zhaikpress.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз

Похожие новости