Ақсай қаласында төбелес шығарған бұзақыларға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ақсай қаласының «Радио-Ақсай» ЖШС өзінің он жылдығына орай Шыңғырлау өзені жағасында 31 мамыр күні ұйымдастырған шара кезінде төбелес орын алды.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оған Ақсай қаласының тұрғындары мен түрлі ұйымдар өкілдері шақырылған. Би алаңында бұлар мейрамдап жатқан кезде күтпеген жерден жеңіл автокөлік сап ете қалып, одан түскен белгісіз біреулер билей бастаған. Шараны ұйымдастырушылар оларға автокөліктерін алаңнан әкету жөнінде айтқан кезде шақырусыз «қонақтар» жанжал шығарып, төбелес бастайды. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері төбелес шығарушылардың бәрін ұстап, Бөрлі аудандық ішкі істер бөліміне жеткізген. Қолға түскендер қарсыласып баққанмен, полиция қызметкерлері зардап шекпеген.

Қазіргі кезде бұзақылардың үстінен ҚР ҚК 257-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз