Ақсайда оқ атып, алты адамды жаралағандар ұсталды - БҚО

Ақсай қаласында оқ атып, алты адамды жаралаған Бөрлі ауданының қос тұрғыны кеше ұсталды.

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, олардың екеуі де 1994 жылы дүниеге келген. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес аталған екеу Бөрлі аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Еске сала кетейік, 9 желтоқсан күні кешкісін «Ақжол» дәмханасы маңындағы атыс кезінде алты адам жарақат алған болатын. Олардың біреуі медициналық жәрдем көрсетілгеннен амбулаториялық түрде ем алу үшін үйіне жіберілсе, қалғандары аудандық ауруханада жатыр. Бұлардың біреуі 1988 жылғы, қалғандары 1993-1995 жылғылар, яғни бәрі де - жастар. 

http://www.inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз