Ақтауда АЭС салынбайтын болды

Бүгінгі күні Ақтау Атом электр станциясы салынатын аймақтардың тізімінде жоқ. Бұл жөнінде ОКҚ брифингінде ҚР Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары Тимур Жантикин мəлімдеді.

- Қазіргі уақытта Атом электр станциясын салуға екі жер қарастырылуда. Оның бірі - Шығыс Қазақстан облысы, екіншісі - Балқаш өңірі. Бұрын атом станциясын орналастыруға 10 аймақтың қарастырылғандығын білесіздер. Ол кейіннен екі есе азайып бесеуі қалды. Одан кейін үкіметтік комиссияның тапсырысымен арнайы құрылған жұмыс тобы Ақтау, Шығыс Қазақстан, Балқаш өңірінен құралған негізгі үшеуін ғана таңдап алған болатын. Бүгінгі күні Ақтау бұл тізімнен шығып, екі аймақ қана қалды. Бірақ бұл мəселе бойынша əлі соңғы нүкте қойылған жоқ, - деді Т.Жантикин. 

Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз