А.Құлыбаевтың жүлдесі үшін бокстан халықаралық турнирде маңғыстаулықтар үздік өнер көрсетті

Оралда мәреге жеткен ҚР бокс федерациясының құрметті президенті Асқар Құлыбаевтың жүлдесі үшін халықаралық турнирде маңғыстаулық боксшылар төрт бірдей алтын медальді жеңіп алды.

Атап айтқанда, К.Сәрсенбаев 49 кг, С.Бердукаев 69 кг, Е.Әлжанов 75 кг, М.Базарбай 91 кг салмақта жеңімпаз атанды. Қазіргі кезде Маңғыстау облысының намысын қорғап жүрген Ерік Әлжанов - Батыс Қазақстан боксының түлегі. Бұл жарыста БҚО-дан 64 келі салмақта Бақытжан Қонарбай ғана топ жарды. Сол секілді К.Сабыр (Павлодар) 52 келі, Н.Көшеғұлов (Ақмола) 56 келі, С.Данаев (Жамбыл) 81 келі, С.Макарихин 60 келі, А.Тухтаев 91 келіден жоғары салмақта (соңғы екеуі Қазақстан құрамасы атынан сынға түсті) чемпиондыққа қол жеткізді.

Аталмыш дәстүрлі жарысқа биыл Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Моңғолия елдерінен барлығы 144 боксшы қатысқан болатын.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз