Ақжайық ауданы маңында «КамАЗ» жүк көлігі ақауланып, тоқтап қалған

1 ақпанда, сағат 16.00 шамасында Орал-Атырау жолының 207 километрінде, яғни Ақжайық ауданының Томпақ ауылы маңында Атырау қаласынан шыққан тіркемелі «КамАЗ» жүк көлігі ақауланып, тоқтап қалған.

Ресейдің Ставрополь өлкесінің тұрғыны Ш.Исаев пен оның қасындағы жолаушы (ол да Ресей тұрғыны) істен шыққан қозғалтқышты қаншама әурелегенімен, нәтиже шықпайды. Тоңа бастағасын, екеуі тиісті қызметтерден көмек сұрайды.

Оқиға орнына Ақжайық ауданының ТЖ және БҚО Ішкі істер департаменті жол-патрульдік полициясы қызметкерлері шығып, жүргізуші мен жолауышыны олардың сұрауы бойынша 25 километр жердегі Индер кентінің (Атырау облысы) маңындағы «Кемпингке» жеткізеді. Ал автокөлікті полиция қызметкерлері күзетіп қалады. «КамАЗ»-дың жәй-күйі туралы  Ш.Исаев қызмет жасайтын фирмаға хабарланды, сол жақтан көмек келмек.

www.zhaikpress.kz
Бекем БЕКҰЛЫ
Ақжайық ауданы

Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз

Похожие новости