«Ақжайық» футбол клубының негізін жергілікті ойыншылар құрап отыр

Бірінші лигада жаңа маусымды бастағалы отырған «Ақжайық» футбол клубының негізін жергілікті ойыншылар құрап отыр. Бұл туралы 4 сәуір күнгі баспасөз мәслихатында мәлім етілді.

Жиынға қатысқан облыс әкімінің әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен «Ақжайыққа» биыл да қолдау көрсетілетінін жеткізді. Сонымен бірге өңірде балалар футболына да айрықша көңіл бөлінетін болады. Қазіргі кезде 600-ден астам жеткіншек аяқдоп орталықтарында жаттығуда. «Ақжайық» футбол орталығының сегіз ауданда бөлімшелері ашылып, жұмыс жасайды.

Бас бапкердің міндетін атқарушы Артур Авакянцтың айтуынша, Қостанайдың «Тобылынан» оралдық талантты футболшылардың бірі Бауыржан Омаров қайтып оралған. Теміртаудың «Болатынан» аса тәжірибелі Виктор Кожушко, Шымкенттің «БИІК» клубынан 1990 жылғы жартылай қорғаушы Руслан Ақымбеков келсе, «Ордабасыдан» сербиялық шабуылшы Данило Белич алынып отыр. Бірақ ол Қазақстан азаматы болып саналады. Сондықтан «Ақжайықта» жалғыз легионер, 1991 жылғы болгариялық қорғаушы Иван Михов қана өнер көрсетпек. Маусымға дайындық барысында үш оқу-жаттығу жиынын өткізіп, барынша дайындалған командада қазір жарақаттанғандар жоқ, 6 сәуір күні Талыдқорғанның «Жетісу-Сұңқарымен» өтетін алғашқы ойынға бәрі де әзір.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз