Ақжайық музейіндегі жаңа тақырыптық тұрақты көрме

Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевтағы Ақжайық тарихи-өлкетану музейінде экспозицияны толықтыру жөнінде биыл да көптеген жұмыс атқарылуда. Қазақтың зергерлік өнері ұлттық мәдениет тарихынан ерекше орын алатыны мәлім. Музейдің ІІ залында ашылған жаңа тақырыптық тұрақты көрмелердің біріне қазақтың сәндік әшекей бұйымдары қойылды.

   Қазақ зергерлері әрқайсысы жеке-дара жұмыс істеп, өз ұсталығын атадан балаға мұра етіп қалдырып отырды. Әйелдердің әшекей бұйымдары да, киімге тағатын түрлі қосымшалары да, тазалыққа қажетті бұйымдар да, ас жабдықтары, киіз үйдің ағаш қаңқасының, жиһаздардың, ағаштан және теріден жасалған ыдыстардың, саз аспаптарының, қару-жарақтардың, ат-әбзелдерінің бекітпелері де осы зергерлердің қолынан шықты. Қазақтардың зергерлік бұйымдары жөнінде сөз бола қалса, бәрінен бұрын, олар қаншалықты сәнді болса, соншалықты жаман нәрселерден қорғау қасиетіне ие деп саналған. Міне, музейге келушілер осы хақында кеңінен хабардар болуда.

  Экспозицияға қойылған бұйымдардың ішінде ХVІІІ-ХХ ғасырларға жататын күміс бұйымдар: білезіктер, жүзіктер, өңір жиек-алқалар, сырға, қапсырмалар және әйел әшекетінің ең қымбаты сәукеле бар. Зергерлік бұйымдар халықтық қолданбалы өнеріміздің ғана емес, бүкіл ұлттық мәдениетіміздің асыл қазынасы. Қазақтың кең етекті оюлы көйлегі, қолына әсемдік беретін білезігі, саусағына тағылған сақина-жүзіктері, құлақтағы сыңғыр-сыңғыр сырғасы байлық пен сәндік белгісі ғана емес, үлкен дәстүрдің нәзік көрінісі. Мекеме қызметкерлері осы жайында тұрғындармен дәрістер өткізіп отырмақ.

http://zhaikpress.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз

Похожие новости