Алаяқтық жасаған адвокатқа 1 млн. теңгеден астам айыппұл салынды

Орал қалалық сотында қызмет бабын пайдаланып алаяқтық жасаған және мемлекеттік лауазымды атқарушы адамға делдал арқылы пара беруге тартты деп айыпталған адвокат Клара Оңғарбаеваға қатысты қылмыстық іске нүкте қойылды.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, алдын ала тергеу органдарымен К.Оңғарбаева алдау және сенімге қиянат келтіру арқылы сотта азаматтық істі қарау кезінде өзі мүддесін қорғаған азаматша Х-дан 100 мың теңге көлемінде қаржыны жымқырған деп айыпталған. Оңғарбаева ақшаны Х-дан алып, судьяға бермек болған.

Орал қалалық сотының үкімімен К.Оңғарбаева ҚР Қылмыстық Кодексінің 24-бабы 3-бөлігі, 177-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған жаза ретінде 700 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 1 296 400 теңге айыппұл салынды.

Сонымен қатар Қылмыстық Кодекстің 41-бабы 3-бөлігі негізінде К.Оңғарбаева 3 жыл мерзімге адвокаттық қызметпен айналысу құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

http://kazinform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз