«Алматы-Атырау» пойызы рельстен шығып кетті: зардап шеккендер бар

Атырау облысында «Алматы-Атырау» жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«19 сәуір күні сағат 17:55-те Атырау облысының «Сағыз-Мақат» теміржол учаскесінің «Мұқыр-Жантерек» жылдамдықпен өту тұсында №42 «Алматы-Атырау» бағытындағы жолаушылар пойызының жеті вагоны рельстен шығып кеткен. Қазір төтенше жағдай орнына Атырау облысының ТЖД, Батыс өңірлік аэромобильдік жедел-құтқару отряды, ТЖМ авиациясының және облыстық ІІД күштері мен техникалары жіберілген (31 адам, 7 техника, 2 еурокоптер тікұшақ)», - делінген хабарламада.

Бастапқы мәлімет бойынша бойынша, 7 адам ауруханаға жатқызылған. Қалғандарын қауіпсіз жерге көшіру жүргізілуде. Қаза тапқандар жоқ.

Оқиға бақылауда деп хабарланды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-нан жолаушыларды Атырау және Мақатқа жеткізу үшін 14 вагон жіберілген. Қылмыстық іс қозғалған.

Облыстық ТЖД-ның хабарлауынша, пойызда 495 адам болған, оның ішінде теміржол құрамының қызметкерлері де бар.

http://bnews.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз