АРАЛАС ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕН БҚО КУБОГЫ САРАПҚА САЛЫНДЫ

Оралдағы Мұз айдынды спорт сарайында аралас жекпе-жектен БҚО кубогы сарапқа салынды. Жарысқа өзімізден бөлек Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау облыстарының құрамалары қатысты.

Жарысқа қатысушыларды облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Азамат Бекет құттықтады. Жалпы турнирге 90-ға жуық спортшы қатысып, екі топта 10 салмақ дәрежесі бойынша күш сынасты. 16-17 жасарлар бір раундтан тұратын бәсекеде 3 минут «төбелессе», ересектер 5 минут бойы кім мықты екендігін анықтады. Шешуші айқастардың нәтижесінде, жастар арасында Досбол Елеген (60 кг, БҚО), Оралбек Мақашев (65 кг, БҚО), Сұлтанбек Меңдібаев (+77 кг, БҚО) жеңімпаз атанса, ересектер арасында Азамат Марқабаев (60 кг, Ақтөбе), Мансур Арсаханов (65 кг, БҚО), Вячеслав Невольников (70 кг, БҚО), Айбек Бөлекбаев (77 кг, Атырау), Мирас Шынтасов (84 кг, Атырау), Ислам Хасиев (93 кг, БҚО), Александр Кулыгиндер (+93 кг, БҚО) бірінші орынның биігінен көрінді.

Халықаралық деңгейде ММА деген атаумен белгілі аралас жекпе-жек - кәдімгі ережесіз төбелестің бір түрі. Тек мұнда мойыннан және шаптан ұрып-тебуге тиым салынады. Ал күресуге, қарсыластың қолына немеес аяғына ауырту тәсілін қолдануға рұқсат етілген. ММА күні бүгін АҚШ, Бразилия және Жапонияда күшті дамыған.

http://zhaikpress.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз