Астанада Батыс Қазақстан облысының күндері өтеді

18-19 қазан күндері Астана қаласында Батыс Қазақстан облысының күндері өтеді.

БҚО әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағындай, игі дәстүрге айналған облыс күндері аясында батысқазақстандық шығармашылық ұжымдары, әртістер елордада өз өнерлерін көрсетеді. Облыстың мәдени дамуын көрсететін көрмелер ұйымдастыру да көзделуде.

Сонымен қатар облыстағы барлық он екі аудан мен Орал қаласындағы шаруалар мен кәсіпорындар ауыл шаруашылығы өнімдерін апармақ. Аудандар киіз үйлер тігіп, азық-түлік өнімдері ұлттық оюлармен өрнектелген арнайы орындарда сатылады. Барлығы 120 тонна картоп, 120 тонна пияз, 100 тонна сәбіз, 70 тонна қызылша, 80 тонна қырыққабат, сондай-ақ 3,2 тонна жылқы еті, 11,5 тонна сиыр еті, 8 тонна балық Астанаға жеткізілмек.

Айта кетейік, биыл өңірде көкөніс пен бау-бақшадан да мол өнім алынды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, 4 мың гектарға егілген көкөністен 57,4 мың тонна өнім жиналды, бұл өткен жылғыдан 800 тоннадай көп. Өнімділік әр гектарға 146 центнерден айналды. Бақша дақылдары 1168 гектарға егіліп, гектарынан 152,6 центнерден өнім алынды. Барлығы 26,1 мың тонна қауын-қарбыз жиналды. Бұл 2013 жылғыдан 1601 тоннаға артық. Картоп 4,5 мың гектарға егілсе, соның 4,4 мың гектары жиналып, одан 66,5 мың тонна өнім (орташа өнім - 151,2 центнер) алынды. Көкөніс, картоп және бақша өнімдері облыс сұранысын қанағаттандыруға жетеді. Дегенмен ерте пісетін сәбіз, қырыққабат, пияз сияқты өнімдердің 10 мың тоннадайы Ресейден әкелінеді. Есесіне жергілікті өнімнің 10 мың тоннадайы көршілес Ақтөбе, Атырау облыстарына тасымалданады.

http://kazinform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз