Астанадан алған әсерім ұшан-теңіз - Ә.Қадырхан, БҚО

Биыл маусым айында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінде біліктілік арттыру курсынан өту мақсатында Астана қаласында болып қайттым. Елордадан алған әсерім ұшан-теңіз. Бұл туралы Бөрлі ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, өртке қарсы қызмет капитаны Әсемгүл Қадырхан мәлім етті.

Оның айтуынша, Астана қаласының келбеті бұрынғыдан да айшықталып, ажарлана түскен. 

«Астана - ерекше сәулетімен қазақстандықтардың ғана емес, барша әлем жұртшылығының назарын өзіне аударған көркем қала. Әсемдігі жағынан мен оны әлем қалаларының ішінде тек Дубаймен теңестіремін. Осыдан 17 жыл бұрын еліміздің астанасын Алматы қаласынан сайын далада жатқан Ақмолаға көшіріп қана қоймай, оны әлемнің ең әдемі қалаларының біріне айналдырған Елбасымыздың ерік-жігеріне, көрегендігіне таң қаламын. Бүгінде Астана қаласы аз ғана уақыт ішінде мемлекет басшысы армандағанындай, көптеген қазақ зиялыларының басын қосқан, іскер жастарды бауырына басқан елордаға айналды. Астана күні құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын деп тілеймін!», - деп ақ тілегін білдірді Ә.Қадырхан.

http://www.inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз