Астаналық тележурналистер – Жәнібекте

Кеше Жәнібек ауданына Астана қаласындағы «7 канал» арнасының тележурналистері келді.

Негізгі мақсаттары – Ұлы Отан соғысының жалыны шарпыған ауданымыздағы тарих ізін түсірілім барысына арқау етуді көздепті. «Другими» словами» қорытынды бағдарламасының корреспонденті Олжас Рамазанов, оператор Сергей Селичев біраз деректі олжалады. Олар Жәнібек ауылында тыл ардагері Меңсұлу Абдолова мен соғыс жылдарында аудан орталығында жау ұшақтары бомбалаған қатерлі жағдайдан аман қалып, тікелей куәгер болған Зейнеп Ганиевалардан сұхбат алды. Сонымен қатар, Жәнібек ауылында майдан естелігі боп қалған ғимараттарды, №1584 эвакогоспитальде қайтыс болған жауынгерлер жерленген бауырластар зиратын түсірді.

http://zhaikpress.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз