Астық ұрлағаны үшін Ақсай элеваторының директоры жеті жылға сотталды

Бөрлі аудандық соты «Ақсай элеваторы» ЖШС директоры Ислам Шудабаевқа қатысты сот үкімін шығарды.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ 2008 жылы аталмыш серіктестікпен келісімшарт жасасып, соның негізінде 47 мыңнан астам тонна астықты элеваторға сақтауға берген. Алайда элеватор директоры ЖШС құрылтайшысы және «Ақсай нан өнімдері комбинаты» ЖШС бас директорымен алдын ала қылмыстық сөз байласып, 2009 жылдың қаңтар айынан 2012 жылдың мамырына дейін аса ірі мөлшерде алаяқтық жасап, астықты жоқ қылған.

Бөрлі аудандық сотының үкімімен И.Шудабаев ҚР ҚК 193-бабы 3-бөлімінің «в» тармағы бойынша оның әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақталғанымен, ҚР ҚК 176-бабы 4-бөлімінің «б» тармағы, ҚР ҚК 177-бабы 4-бөлімінің «б» тармағы бойынша айыпты деп танылып, мүлкін тәркілеу, коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарында қызметпен айналысу құқығынан екі жылға айырумен бірге жетi жылға бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз