Атырау облысының Батыс Қазақстандағы күндері мәреге жетті

11 сәуірде Оралда Атырау облысының Батыс Қазақстандағы күндері мәреге жетті.

Бұл күндер мәдени шаралармен ғана шектеліп ғана қалған жоқ. Қос өңірдің өнеркәсіп және басқа салалар, мемлекеттік органдар басшылары кездесіп, тәжірибе алмасты. Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында атыраулық кәсіпорындардың жаңа технологияға негізделген өнім, жетістіктері таныстырылып, облыстық тарихи-өлкетану мұражайы жәдігерлері мен өңір суретшілерінің көрмесі жұртшылық назарына ұсынылды.

Атырау облысының күндері жұма күні кешкісін гала-концертпен қорытындыланып, онда атыраулық танымал өнер ұжымдары мен әртістер сахнаға шықты.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев көршілерге ризашылығын білдіріп, Елбасы тапсырмасына сәйкес өңірлер бір-бірімен тығыз байланыс жасап, сол арқылы Қазақстанның қарышты дамуына үлес қосып отырғанын атап көрсетті. Ежелден елі аралас, қойы қоралас, мидай араласып жатқан, Ақ Жайықты тел емген қос аймақ бұдан былай да экономика, мәдени, гуманитарлық, ғылым-білім және өзге салада қарым-қатынасын жақсарта беретін болады.

Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев та екі жақты тиімді байланыстың өрістейтініне сенім білдірді.

Алдағы мамыр айында Атырауда дәл осындай мақсатпен Батыс Қазақстан облысының күндері өтеді.

Шара барысында атыраулықтарға «Тойота» шағын автобусының кілті табыс етілді.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз