Ауаны ластаушы көліктер мемлекеттік нөмірінен айырылады

Ауаны ластайтын көліктер санын азайту үшін қатаң шаралар қолға алынуда.

Осы мақсатта Алматыда қалалық мамандырылған табиғат қорғау прокуратурасы жол-патрульдік полициясының экологиялық взводы және жергілікті атқарушы органдармен бірге «Таза ауа, таза қала» шарасын өткізді. Қалалық табиғат қорғау прокуратурасының мәлімдеуінше, ауа ластануының 80 пайыздан астамы көлік үлесінде, қалғаны зауыттарға тиесілі. Алматының экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында табиғат қорғау прокуратурасы жазалаудың жаңа тәсілін енгізді. Енді ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексі 630-бабының бірінші бөлігіне сәйкес ауаны зиянды қалдықпен, түтінмен ластайтын автокөліктерге жол полициясы айыппұл салумен қатар, мемлекеттік тіркеу нөмірлерін шешіп алуға құқылы. Мұндай көлік иелері айыппұлды өтеп, автокөлігінің техникалық жағдайын талапқа сәйкестіргеннен кейін ғана оны қайтарып алады. Қалалық табиғат қорғау прокуратурасының мәліметінше, Алматыда өткен жылы 60 мыңдай құқықбұзушылық хаттамасы толтырылып, 100 миллион теңге айыппұл салынған. Бүгінге дейін оның жартысы ғана төленген. Ал жыл басынан бері 100 мың құқықбұзушылық тіркеліп, 160 миллион теңгеге айыппұл салынған.

Әділжан Сейіткәрімов, Алматы қалалық мамандырылған табиғат қорғау прокурорының көмекшісі:

- Бұрын 247-бап бойынша тек әкімшілік айыппұлмен ғана шектелетін. Болашақта, біріншіден, әкімшілік құқықбұзушылықтар толық орындалады, айыппұл толық төленеді және көлік иелері келесі жолы мұндай әкімшілік құқықбұзушылыққа бармайды деп ойлаймын.

http://24.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз